«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 70 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің мақсаты оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде, жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін барынша орынды маркетингтік, техникалық-технологиялық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, экономикалық және басқа де шешімдер бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Бұл тармақ қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаларға қолданылмайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: