«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 334-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бұрын алынған сақтандыру сыйлықақыларын қайтару/тузетпе жасау туралы шешім қабылдау;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ЭКА-ның Директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) банктердің, контрагенттердің, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық жағдайыны талдауын қарау;»;
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен астам сақтандыру және кепілдік төлемін жүзеге асыру;»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: