«Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 374 бұйрығы

«Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 374 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына:

2-тармақтың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«44) созылмалы еңiс - тіктігі мен ұзындығының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәндерi болған кездегi еңiс;»;

мынадай мазмұндағы 258-тармақпен толықтырылсын:

«258. Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол құрамының иелері жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жөндеу аяқталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына 1-қосымша»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.