2025 - 2027 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетің бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1/19 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2025 - 2027 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 63 918 384 мың теңге:
салықтық түсімдер - 28 236 099 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 361 993 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 145 700 мың теңге;
трансферттер түсімі - 27 174 592 мың теңге;
2) шығындар - 61 002 588 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -350 000 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 350 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 265 796 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - -3 265 796 мың теңге:
қарыздар түсімі - 1 478 945 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 744 741 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 0.
2. 2025 жылға арналған қала бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасады деп анықталсын:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;
2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің аумағында орналасқан осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;