2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Мəскеу, 2023 жыл 21 қараша)
ҚР 2025 жылғы 10 ақпандағы № 162-VIII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
28-тармақтағы «АҚШ долларымен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 291-тармақпен толықтырылсын:
«291. Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері осы Хаттаманы орындау үшін өздерінің арасында жасалған шарттарда өзара келісу бойынша уақытша негізде 2 жылдан аспайтын мерзімге осы Хаттаманың 29-тармағының бірінші абзацында көрсетілген, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарсы міндеттемелердің АҚШ долларындағы сомалары немесе осы Хаттаманың 29-тармағының төртінші абзацында көрсетілген осы міндеттемелер шамаларының арасындағы айырманың АҚШ долларындағы сомалары көрсетілген сомаларды төлеуші болып табылатын ұлттық (орталық) банк бір мүше мемлекеттің ұлттық валютасындағы ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына аударған күннен кейінгі жұмыс күніне белгілеген ресми бағам бойынша Ресей рублімен аударылады деп белгілей алады.
Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес аударымдарды жүзеге асырған жағдайда осы Хаттаманың ережелерін қолдану мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
ақша қаражатын Ресей рублімен аудару жөніндегі міндеттемелер осы Хаттаманың 29-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалады;