«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 329 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Тізілімде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері бойынша есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз етуге, интернет-ресурстарға және электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру объектілерінің иелері тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға мыналарды береді:
мемлекеттің мүліктік құқықтарын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;
алынбалы тасығыштағы электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмелері.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.»;
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) квазимемлекеттік сектор субъектілері, оларды жекешелендіру және иеліктен шығару, сондай-ақ кеңістіктік (географиялық) деректер туралы мәліметтер;»;
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: