«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығы (2024.12.12. берілген өзгерістермен)

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығы

(2024.12.12. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті беруші));

2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші));

3) банк - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

4) жеке кабинет - пайдаланушының (қарыз алушының, кепілгердің/сақтандыру ұйымының, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің))/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) субсидиялауға арналған электрондық тізілімдегі жеке веб-парақшасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.