«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 430 Қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 430 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісу бойынша) бекітілген тізбеге сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау жолымен өздерінің ведомстволық бағынысты (акцияларына (қатысу үлестеріне) тікелей немесе жанама иелік ету елу пайыздан астамды құрайтын) заңды тұлғаларының қызмет түрлерін 2026 жылғы 1 қазанға дейін сәйкестендірсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 31 мамырдағы

№ 430 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1095 қаулысымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.