Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 403 бұйрығы
(2026.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2021.16.03. № 148 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидасының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2021.16.03. № 148 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2021.16.03. № 148 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.