Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 195 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.