«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

 ЖАРЛЫҒЫ

 

2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы

 

«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 Қаулысын қараңыз

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 11 721 910 617 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 6 261 091 551 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 148 669 598 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4 347 700 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 307 801 768 мың теңге;

2) шығындар - 13 827 744 872 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 161 372 249 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 271 420 571 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 110 048 322 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 171 578 829 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 171 578 829 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -2 438 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 537 950 709 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,8 проценті;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 438 785 333 мың теңге.

2. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 836 475 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 817 160 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2020 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

4. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.