Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Е.Б. Нәшірәлі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
«КЕЛІСІЛДІ»