11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру;
елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;
коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;
қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру;
энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) басқа да бағыттар:
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне трансферттер;
үкіметтік борышқа қызмет көрсету және өтеу;
мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;
мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысты төлемдер, берілмейтін борыштық міндеттемелер (вексельдер) және донорлық жарналар бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындау;
үкіметтік борышты мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шығыстар;
стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға жұмсалатын шығыстар.
2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:
1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.
3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
Басшысы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарда сақталады.
Мемлекеттік органның штат санының лимиттері қысқартылған кезде мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.
ҚР 2009.02.12. № 212-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары
1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу;
облыс деңгейінде мемлекеттік жоспарлау;
облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық меншікті басқару;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
облыстың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу, шетелдіктермен жұмыс мәселелері және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауға ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне- конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесіне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) білім беру:
аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы аудандарында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;
мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;
облыстық, аудандық (қалалық) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;
арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша балаларды оқыту;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;
облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын өткізу;
жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен облыстарда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары білім алушыларының және аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру;
әдістемелік жұмыс;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;
ауылдық жерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау:
облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және, мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
елді мекендерді газдандыру;
облыстық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;
облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда олардың жұмыс істеуіне байланысты инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді залалсыздандыру;
коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
суды қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулерін белгілеу;
облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;
облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;
ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;
жануарлар дүниесін қорғау;
облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
инновациялық тәжірибені тарату және қолданысқа енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау;
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелелеріне өтеу;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) көлік және коммуникациялар:
әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық), сондай-ақ қала маңындағы темір жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылды) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) өзге де бағыттар:
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге трансферттер;
республикалық бюджетке трансферттер;
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;
тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.
2. Сонымен қатар, облыстық бюджеттерден:
1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакциядаі (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметіне және қызмет түрлерінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.
2009.02.12. № 212-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді
55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары
1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының жұмыс істеуі;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жоспарлау;
республикалық мңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігін басқару;
салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
республикалық маңызы қалалардың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;