республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қалалық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс іс-шаралары;
уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;
елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;
азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының көрсетілетін коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) білім беру:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
оқудың кешкі (ауысымдық), оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын нысанын қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру;
арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру;
мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;
республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау;
жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
балалар үшін қосымша білім беру;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;
мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау:
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегі;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, оның ішінде сумен жабдықтаудың, тазарту, сорғыту жүйелерінің, кәріздік, оның ішінде кәріздік сорғы станцияларының, жылу мен электр желілерінің тарату желілерін құру және реконструкциялау;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
елді мекендерді газдандыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;
хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;
республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;
мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;
жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;
шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;
ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;
бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді залалсыздандыру;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау;
су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;
республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;
елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру;
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) көлік және коммуникациялар:
әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру;
қалалардың көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) экономикалық қызметті реттеу:
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;
әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) басқа да бағыттар:
республикалық бюджетке трансферттер;
жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;
жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.
2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен:
1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстарына;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады.
5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделеді:
1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
8) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
11) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
12) тұрғын үй көмегі;
13) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
14) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
15) мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;
16) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
17) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
19) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;
20) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
21) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтау мен жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту;
22) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу;
23) тұрғын үй қорын түгендеу;
24) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;
аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
аудандық (қалалық) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
аудандық (қалалық) деңгейдегі коммуналдық меншікті басқару;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) білім беру:
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегі;
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;
коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәдениет және спорт:
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;
хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту;
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу;
облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;
мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) жер қатынастары:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) көлік және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;