«Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 118-НҚ бұйрығы

Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 118-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрі

2025 жылғы 9 маусымдағы

№ 118-НҚ бұйрықпен бекітілген

 

 

Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) арнайы техника - бұл су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануға және жөндеуге арналған мамандандырылған машиналар мен механизмдер.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.