«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 217 бұйрығы (2024.17.06. берілген өзгерістермен)

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 217 бұйрығы

(2024.17.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты сараптамалық кеңес мүшелерінің назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.14.02. № 32 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.17.06. № 144 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 19 шілдедегі

№ 217 бұйрығына

қосымша

 

 

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының
2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңестің

құрамы

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

Жұмыс орны/лауазымы

1.

Мақсұтова

Зейнеп Әбдіжүсіпқызы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, сараптамалық кеңес төрағасы

2.

Қаратабанов

Руслан Әділханұлы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті, сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.