«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 247 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 89-н/қ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 247 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 20918 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;