«Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 166 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 166 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мақсаттармен салыстыру және функцияларды саралау кезеңі.

Мақсаттармен салыстыру:

стратегиялық құжаттарға байланыстыру: функцияның мемлекеттік бағдарламалармен, ұлттық басымдықтармен, салаларды дамыту стратегияларымен, мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларымен байланысын талдау;

нысаналы индикаторлармен және KPI-мен байланыс: функцияны орындау нақты негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) және мемлекеттік орган немесе сектор үшін белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қалай әсер ететінін анықтау;

салымды бағалау: стратегиялық міндеттерді шешуге және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге функцияның тікелей және жанама үлесін сандық және сапалық бағалау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.