«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 113 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 тіркелді, 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 4 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||
| Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | 2000 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 6-1 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі | Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы | 1 | 2600 | ||
| Жоғары Сот Кеңесі апаратының басшысы | 1 | 2000 |
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 7 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссия, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) | Төраға | 1 |
|
| 2600 ********** |
| Төрағаның орынбасары | 1 |
|
| 2600 | ||
| Есеп комитетінің мүшелері | 1 |
|
| 2600 | ||
| Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | 5-ке 2 бірлік | 2600 | ||||
| Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | 1 |
|
| 2600 | ||
| Есеп комитеті аппаратының басшысы | 1 |
|
| 2000 |
»;