Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 45 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 34 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30964 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
мындай мазмұндағы қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«осы бірлескен бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге;
осы бірлескен бұйрыққа 45-1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметті жүзеге асыратын объектілерге қойылатын талаптары бар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.»;
3) тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын;