«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 Қаулысы (2023.26.12. берілген өзгерістермен)

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 Қаулысы

(2023.26.12. берілген өзгерістермен)

 

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023.15.12. № 432 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023.15.12. № 432 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023.15.12. № 432 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 26 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.