Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 ақпандағы № 99 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
633) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«633) темекі бұйымдары мен аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 633-1) және 633-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«633-1) өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;
633-2) өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;»;