«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 ақпандағы № 263-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі,

тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша

 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 2-баптың 44-3) тармақшасында:

үшінші абзацтағы «осы Заңның 101-4-бабының 1-тармағына сəйкес» деген сөздер алып тасталсын;

төртінші абзацтағы «101-1-бабының 4-тармағында, 101-9-бабының 2 жəне 4-тармақтарында жəне 101-12-бабының 1-тармағында» деген сөздер «101-1-бабының 4 немесе 5-тармағында жəне 101-9-бабының 2 жəне 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші абзацтағы «101-13-бабында» деген сөздер «101-1-бабының 3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 101-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшінің (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығының іске асырылуы

1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету осы тарауда белгіленген тəртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, əскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне олардың таңдауы бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады.

Тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, əскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін қызметтік тұрғынжай беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету тəртібін жəне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру жəне қайта бастау тəртібін, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Əрекеттегі резервтің қызметкері мен əскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының (прокуратура мен азаматтық қорғау органдарын қоспағанда) бірінші басшылары жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

2. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тəртіппен жекешелендіруге құқығы бар.

3. 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл əскери қызметте болған, күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл əскери қызмет мерзімі бар жəне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

4. Отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші жұбайының (зайыбының) қызмет (əскери қызмет) орны өзгерген кезде отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығуды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші қызметте болудың шекті жасына жету бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алады.

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшісіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан арнаулы мемлекеттік органдарға (үздіксіз қызметке) көрсетілген күннен кейін ауысқан жағдайда бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады.

Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе əскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін, бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Қызмет өткеру кезеңінде мертігуіне (жарақаттануына, жаралануына, контузия алуына) немесе науқастануына байланысты əскери-дəрігерлік комиссия қызметке (əскери қызметке) жарамсыз деп танып, есептен (əскери есептен) шығарған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызметтен шығарылған кезде аталған қызметкер мен əскери қызметшіге біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен аударылады.

6. Тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттарға пайдаланылады.

7. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы немесе тұрғынжайға меншік құқығының туындауы бір рет жүзеге асырылады.»;

3) 101-4 жəне 101-5-баптар алып тасталсын;

4) 101-6-баптың 2-тармағында:

1) тармақшадағы «осы Заңның 101-5-бабында көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы «осы Заңның 101-5-бабында көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 101-8-баптың бірінші бөлігіндегі «осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 101-9-бапта:

1-тармақтағы «жеке арнайы шотындағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелеріне біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүргізіледі.»;

4-тармақтағы «101-1-бабының 4-тармағында немесе 101-12-бабының 1-тармағында» деген сөздер «101-1-бабының 4 немесе 5-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 101-12, 101-13 жəне 101-14-баптар алып тасталсын;

8) 101-15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері

1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:

1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;

2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;

4) тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда тоқтатылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды.».

2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен жəне 6) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» д еген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен азаматтық жəне қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында оқ ату үшін беруге;»;

«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қару мен оның патрондарын қару иесі - заңды тұлғаның қызметі тоқтатыла тұрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына сақтауға тапсыруға міндетті.»;

2) 19-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «болып табылса, азаматтық жəне қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші жəне екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.» деген сөздер «болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) ол азаматтық жəне қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында оқ ату үшін уақтылы бермесе, азаматтық жəне қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші жəне екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.»;

3) 30-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «айналымына» деген сөзден кейін «жəне Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының қалыптастырылуына» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Күзет қызметін, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Күзет қызметін, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары уəкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне өздері жүзеге асыратын қызмет туралы есептілікті ұсынуға міндетті.

Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілердің, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының есептілігі нысанын жəне оны ұсыну кезеңділігін уəкілетті орган бекітеді.»;

2) 10-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жеке күзет ұйымының басшысы, жеке күзет ұйымының филиалы мен өкілдігінің басшысы, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлері үшін олардың жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлеріне қойылатын талаптарға сəйкестігі міндетті талап болып табылады.»;

3) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Жеке күзет ұйымдары өз қызметін тоқтата тұрған немесе қайта бастаған, сондай-ақ күзет қызметтерін заңды тұлға тіркелген жерден тыс жерде көрсеткен жағдайларда күзет қызметтерін көрсеткен немесе тоқтатқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне қағаз немесе электрондық нысанда тиісті хабарлама жіберуге міндетті.»;

4) 17-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың төртінші бөлігі «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағына сəйкес үшінші тұлғаларға көрсетілетін күзет қызметтеріне қолданылмайды.»;

5) 18-баптың 4-тармағындағы «жəне арнаулы құралдарды» деген сөздер алып тасталсын.

4. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) əскерилендірілген теміржол күзеті (бұдан əрі - əскерилендірілген күзет) - акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жүктерді жəне тасымалдау процесінде пайдаланылатын теміржол көлігі объектілерін күзету жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлға;»;

2) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Əскерилендірілген күзет үздіксіз күзетуді қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға транзиттік теміржол жүк тасымалдарын жүзеге асыруға тартылған терминалдар аумақтарында жүктерді жəне теміржол көлігі объектілерін күзету жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы.».

5. «Мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 4-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсат, міндеттер мен қағидаттар

1. Мемлекеттік құқықтық статистиканың жəне арнайы есепке алудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдарды, жеке жəне заңды тұлғаларды біртұтас статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттегі заңдылықтың жəне құқықтық тəртіптің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) қоғамның, мемлекеттің жəне халықаралық қоғамдастықтың ресми құқықтық статистикалық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;

2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.»;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-12) тармақшамен толықтырылсын:

«12-12) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырады;»;

3) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

«5-2) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырудың нəтижелері бойынша ұсыныстар əзірлеуге жəне оларды құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу субъектілеріне жіберуге;».

6. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

5-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.

7. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

«5-2. Қызмет бабында ауыстыру кезінде қызметкер осы Заңның талаптарын лауазымға соңғы тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде анықталған бұзушылықпен лауазымға тағайындалған жағдайда, ол лауазымынан босатылуға жəне құқық қорғау органының қарамағына қабылдануға тиіс.»;

2) 46-1-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «бас тарту қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.» деген сөздер «бас тарту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) осы Заңның 29-бабының 5-2-тармағында көзделген тəртіппен қызметкерді атқаратын лауазымынан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдауға негіз болады.»;

3) 54-баптың 2-тармағындағы «жай-күйіне жауап береді» деген сөздер «жай-күйі жəне сеніп тапсырылған органда кадр жұмысында анықталған бұзушылықтар үшін жауапты болады» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

2-қосымшадағы 20-жол алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 ақпан

№ 263-VIII ҚРЗ