««Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 87-н/қ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 338-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 452 бірлескен бұйрығы

«Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 87-н/қ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 338-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 452 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесінде:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17030 болып тіркелген) көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес айқындалады.

Уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 174-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен айқындалады»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.