«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 173 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 173 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) иесіз жануарлар - иесі жоқ немесе үй жануарларын есепке алуда тұрмайтын иттер мен мысықтар;»;

3) тармақша алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.