«Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығы (2025.25.06. берілген өзгерістермен)

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығы

(2025.25.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.20.06. № 100 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.20.06. № 100 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.20.06. № 100 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.