«Республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 (12) сынып білім алушыларын 2024 жылғы қорытынды аттестаттаудан босату туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 114 бұйрығы

Республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 (12) сынып білім алушыларын 2024 жылғы қорытынды аттестаттаудан босату туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 114 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының 50 және 51-тармақтарына сәйкес, республикалық орта білім беру ұйымдары ұсынған құжаттар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 (12) сынып білім алушылары негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін 2024 жылғы қорытынды аттестаттаудан босатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Республикалық орта білім беру ұйымдары бағаларды ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде қойсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы 22 мамырдағы

№ 114 бұйрығына

қосымша

 

 

Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін 2024 жылғы қорытынды аттестаттаудан босатылған республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 және 11 (12) сынып білім алушыларының
тізімі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.