«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 357 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында:
«Мемлекеттік бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
млрд. теңге