«Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 801 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
ескертпеде:
«* – іс-шаралар су басу, тасқын, орман және дала өрттері, жер сілкіністері болған кезде өткізіледі;» деген сөздер «*– іс-шаралар су тасқыны, су басу, орман және дала өрттері, жер сілкіністері, қауіпті биологиялық факторлар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпиофитотиялар болған кезде өткізіледі;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.» деген сөздер «орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарында:
ескертпеде: