Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешімі
(2021.24.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 54-бабының 1-тармағының 10)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Б. Беркімбаев |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Қалдығұлова |