Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 208 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 202-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидалары бекітілсін.