«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 502 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
өндірушілерде – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес дайын өнімнің түскені (кіріске алынғаны) ресімделген кезден;
импорттаушыларда – осы Қағидалардың 15, 16, 17, 19 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кәдеге жарату төлемінің мөлшері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің (бұдан әрі – әдістеме) негізінде осы Қағидаларға сәйкес өтінім берілген кезде қолданыста болатын мөлшерлемелер мен коэффициенттер бойынша есептеледі. Кәдеге жарату төлемін өндірушілер мен импорттаушылар оператордың банктік шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төлейді. Банктік шот туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тізбеде көзделген, кәдеге жарату төлемінің мөлшерін есептеу үшін мөлшерлемелер және (немесе) коэффициенттер белгіленбеген не коэффициент 0 деп айқындалған өнімге қатысты өтінім берілмейді, оған мыналар кірмейді:
электр қозғалтқышы бар көлік құралдары;