«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 460 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 32, 490-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) дауыс беру бюллетені - дауыс беруге қойылған мәселелер бойынша конкурстық комиссияның сырттай отырысында дауыс беруге арналған бюллетень;

2) жұмыс органы (конкурс ұйымдастырушы) - Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты (бұдан әрi - конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шартқа қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;

3) конкурстық комиссия - конкурсты өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында құрылатын алқалы орган;

4) конкурсқа қатысушы - конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.