Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.25.06. № 282 бұйрығымен 3-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 17 бұйрығына

3-қосымша

 

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығымен күші жойылды

 

Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына

 тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын арнаулы

әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стандарт жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, асырап алушы отбасына және отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тәрбиелеуге қабылдаған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді:

1) жетім балаларға;

2) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдырыла алмайтын қылмыс жасады деп күдік келтірілген балалар.

Жоғарыда көрсетілген санаттар көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.

3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін адамдарға қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, асырап алушы ата-аналар және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиешілері жатады.

4. Осы стандартты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған барлық адамдар сақтайды.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.