ҚР СТ EN 10279-2016
Ыстықтай иленген болат швеллер
Пішінінің, өлшемдері мен салмағының шақтамалары
Осы ұлттық стандарт EN 1027:2000 еуропалық стандартының бірдей жаңғыртуы
болып табылады және CEN рұқсат етуімен қабылданған, Брюссель, Марникс даңғ.,
В-1000 мекенжайы бойынша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
4. Көлемі және пішіні бойынша шақтамалар
Осы стандарт тарыла түсетін немесе параллельді ернемектермен ыстықтай иленген болат швеллерлер көлемдері, пішіндері және салмақтары бойынша шақтамаларының талаптарын белгілейді.
Осы стандарт тот баспайтын болаттардан жасалынған швеллерлерге таралмайды.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың соңғы басылымы қолданылады (барлық өзгерістерін қосқанда):
EN 10079:2007 Definition of steel products (Болат өнімдеріне арналған анықтамалар).
Осы стандартта EN 10079 бойынша анықтамалар қолданылады.
4. Көлемі және пішіні бойынша шақтамалар
Шартты профиль биіктігінен (h) ауытқу тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1-кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шекті шамасында болуы қажет.
Ернемектің шартты енінен (b) ауытқу тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1-кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шекті шамасында болуы қажет.
Ернемектің шартты қалыңдығынан (s) ауытқу, егер профиль биіктігінің орта нүктесінен өлшесе, тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1- кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шамасында болуы қажет.