Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-173 шешімі
Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204625 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 488 875 945 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 67 482 766 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 13 030 484 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 408 345 695 мың теңге;
2) шығындар 510 269 620 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 36 075 688 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 46 267 900 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 10 192 212 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 196 958 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 2 196 958 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 59 666 321 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
59 666 321 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 47 703 347 мың теңге;
қарыздарды өтеу 5 355 571 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 17 318 545 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 7, 8, 9, 15, 16-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 37 910 165 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: