«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 399 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бортсеріктердің бастапқы дайындығы авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кәсіптік деңгейін қолдау мақсатында бортсерік - нұсқаушылар, бортсерік - емтиханшылар үш жылда бір рет азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: