«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 15 наурыздағы № 118 бұйрығы (күші жойылды)

«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 15 наурыздағы № 118 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 болып тiркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті «Іскерлік байланыстар» құралы және «Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңселерінде жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.