«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қарашадағы № 121 бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қарашадағы № 121 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) конкурс - әлеуетті өнiм берушiлердiң арасындағы бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының неғұрлым қолайлы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;

6) конкурстық комиссия - осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде қатысқан жағдайда, табиғи монополия субъектісінің қызметкерлерінен, сондай-ақ оның үлестес тұлғаларының қызметкерлерінен құрылатын комиссия;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) конкурстық өтінім - әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған конкурстық ұсынысы;»;

133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«133. Конкурстық комиссияның хатшысы мыналарды:

1) конкурстық құжаттаманы конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей порталда жариялауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.