«Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қарашадағы № 379 бұйрығы

 «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қарашадағы № 379 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

3-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы - меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) сертификаттық зерттеп-қарау - уәкілетті ұйым жүзеге асыратын әуеайлақты (тікұшақ айлағын), оның құрылымдық бөлімшелерін, жабдықтарды, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты (тікұшақ айлағын) күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық процестерді, ұйымдық құрылымның құжаттамасын, сондай-ақ өтініш беруші мамандары біліктілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.