Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 621 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
11 ақпандағы № 203 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 244-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 және 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1083 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 449-құжат).
4. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат).