Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 87 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 50 бірлескен қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне және 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.