«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына және «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 323 бұйрығы (2026.13.09. берілген өзгерістермен)

 «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына және «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 323 бұйрығы

(2026.13.09. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.28.08. № 423 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31071 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларында:

қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.