«Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 180 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Толтырылған есепке алу карточкаларының негізінде жануарлар түрлерінің санына математикалық есеп жүргізіледі және «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бұйрығына 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар ресімделеді.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар екі данада ресімделеді, олардың біреуі аумақтық бөлімшеге жіберіледі, екінші данасы аңшылық шаруашылығы субъектілерінде қалады.»;