«Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 953 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 790 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 953 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) депозитор - микроорганизм штамын депонирлеуге өтінім берген заңды тұлға;
2) имитатор-штамм - микроорганизмдердің сапалық сипаттамаларын оқыту, бағалау (верификациялау), иммундық-биологиялық препараттар мен қоректік орталарды стандарттау және бақылау үшін пайдаланылатын, вируленттілігі әлсіреген микроорганизм штамы;
3) қолма-қол тасымалдаушы - микроорганизмдерді межелі пунктке дейін тікелей алып жүретін, патогендігі тиісті топтың микроорганизмдерімен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкер;
4) микроорганизм штамын депонирлеу - микроорганизм штамын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларына беру, оны тіркеу және мерзімсіз сақтау;
5) микроорганизм өсіріндісі - қоректік ортада өсірілген өміршең микроорганизмдердің жиынтығы (популяциясы);
6) микроорганизм штамы - белгілі бір биологиялық қасиеттері бар микроорганизм түрінің біртекті өсіріндісі;