«Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығы (2020.25.08. берілген өзгерістермен)

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығы

(2020.25.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.25.08. № 200 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегітүпкілікті есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11028 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.