Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
14-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.01. № 68 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.29.01. берілген өзгерістермен)
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - 10 минут, Мемлекеттік корпорацияға және порталға - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 20 минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.