«Зымыран-ғарыш техникасын және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығына 4-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрінің

2024 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 842/НҚ бұйрығына

4-қосымша

 

«Зымыран-ғарыш техникасын және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану»

 кәсіптік стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: «Зымыран-ғарыш техникасын және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және зымыран - ғарыш техникасын және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану саласындағы мәселелердің кең ауқымын шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) ғарыштық бас бөлігі - пайдалы жүктің, өтпелі бөлімі бар бас жәрмеңкенің және үдеткіш блоктың жиынтығы;

2) ғарыштық мақсаттағы зымыран - ғарыштық бас бөлігі бар зымыран-тасығыштың жиынтығы;

3) жерүсті ғарыштық инфрақұрылым - бір немесе бірнеше функцияларды орындауға арналған техникалық объектілер: белгіленген дайындықта тасымалдау, сақтау, келтіру және ұстау, ғарыштық мақсаттағы зымыранға техникалық қызмет көрсету, дайындау және ұшыру, ғарыштық мақсаттағы зымыранның ұшуының белсенді учаскесінде телеметриялық және траекториялық өлшеулер жүргізу, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету;

4) ғарыштық зымыран кешені - ғарыш аппараты бар зымыран-тасығышты қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және іске қосуды қамтамасыз ететін зымыран-тасығыштың және техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтар мен коммуникациялардың жиынтығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.