(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗА...

Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 18-3 шешімі

(2021.15.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020.19.03. № 37-5 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020.19.03. № 37-5 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері;

2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021.15.04. № 4-1 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің елу пайызына жер салығының мөлшерлемелері жоғарылатылсын.

Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.