«Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қазандағы № 241 бұйрығы

«Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қазандағы № 241 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30728 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 402-бабының 6-тармағына, «Жойылуы қиын органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларында:

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.